«Auyl Invest Fest. Қой шаруашылығы» ІІ Халықаралық фестивалі өтті
Оралда «Auyl Fest. Қой шаруашылығы» Халықаралық фестивалі екінші рет өтіп жатыр. «Ауыл» партиясы ұйымдастырған форумда алыс-жақын шетелдерден келген инвесторлар, сарапшы мамандар қой шаруашылығын дамыту жайын талқылады.
Алаңға тігілген ақшаңқан киізүйлерде шеберлер киізден жасалған ұлттық киім-кешек, көрпе бұйымдарын көрмеге қойды. Спортшылар тоғызқұмалақ, асық ату, ханталапай секілді ұлттық ойындардың көрігін қыздырды. Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, ән-күй – халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараны шетелден келген меймандар да тамашалады.
Чжао Фей, Zhongzhi Maissen компаниясының төрағасы:
Біз Қазақстанда жұмыс істеп жатқалы 3 жыл болды. Осыннан өзіміздің өнеркәсіптік орталығымызды ашқымыз келеді. Бірігіп, сауда-саттық, өндірісті нығайтқымыз келеді.
Өңірде 1 млннан астам қой өсіріледі. Облыс – атақты еділбай тұқымының Отаны. Ақжайық етті-жүнді қой тұқымы да өңірде шығарылды. Асылтұқымды қой шаруашылығын дамыту үшін «Береке», «Игілік», «Жайлау» бағдарламалары іске қосылған.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы:
Тек қана былтырғы фестивальдің нәтижесінде Ақжайық өңіріне 4 млрдтан астам инвестиция құйылған қой шаруашылығына. Басқа өңірлер де қызығушылық білдіріп, дамытқалы жатыр.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
Қазір ірі қара еті, қой еті экспортқа шығарылып отыр. Мысалы, Араб елдеріне, Иранға, көршілес Әзербайжан, Ресей елдеріне ет шығарылды.
Фестиваль аясында қой шаруашылығының дамуына үлес қосқан ғалымдар мен шаруашылық басшылары, еңбек адамдары марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы