Басты Жаңалықтар Балаларға арналған сауықтыру орталығы салынады

Балаларға арналған сауықтыру орталығы салынады

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында балаларға арналған заманауи сауықтыру орталығы салынады. Құны 1 млрд 500 млн теңгелік жобаны Бибі Ана қайырымдылық қоры жүзеге асырады.

Бұл шалғай ауданда орналасқан ерекше нысан болмақ. Бала денсаулығындағы кінәратты ерте жастан анықтап, дер кезінде көмек көрсетеді. Оңалту орталығы балабақша әдісімен жұмыс істейді. Тәжірибелі мамандар тартылып, шетелдерде біліктілігін арттырады. Жоба авторы мен өңір басшылығы нысан орналасатын аумақты белгіледі. Құрылыс жұмыстары жуырда басталып, бір жарым жыл ішінде толық аяқталуы тиіс. Орталық Шалқардан бөлек Ырғыз, Мұғалжар аудандарының балаларына да қызмет көрсетеді. Жалпы облыс бойынша 5 мың 600 мүмкіндігі шектеулі бала бар.

Бибігүл Иманғазина, Қайырымдылық қорының президенті:

Бес жасқа келгенде ол бала сол жерде білім алады, емделеді. Біреуі аспапта ойнай алса, біреуі музыка тыңдайды, ал енді біреуі сурет сала алады.
Бөлісу