Кәсіпкерлерге Салық кодексінің талаптары түсіндірілді
«Ulttyq ónim – 2026» көрмесіне қатысып жатқан кәсіпкерлер мен бизнес иелеріне Салық кодексі түсіндірілді. Арнайы жобалық кеңсе көшпелі отырыс өткізіп, мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалог өрбіді. Қатысушылар жаңа Салық кодексін жүзеге асыру жолдарын, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру мәселелерін талқылады. Қосылған құн салығы бойынша да мәселелер қаралды. Кәсіпкерлердің сұрақтарына Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ведомстволарының өкілдері жауап берді. Салық кодексін енгізу жөніндегі Жобалық кеңсенің мәліметінше, осыған дейін 15 отырыс өтіп, 80-нен астам сауал қаралған. Айта кету керек, қазір елімізде 2 миллионнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Жыл басынан бері жаңадан 400 мың кәсіпкерлік тіркелген.
Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық Экономика бірінші вице-министрі:
Бүгін ерекше көшпелі отырыс өтіп жатыр. Өйткені жиынға кәсіпкерлерден бөлек, сарапшылар да, тиісті министрліктердің өкілдері де түгел қатысып отыр. Жаңа Салық кодексіне байланысты кез келген сұраққа жауап беріп, қандай мәселе болмасын талқылауға дайынбыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы