Ресейде шошқа тұмауы өршіп тұр. Қазірдің өзінде мемлекеттің 74 өңірінде ауру ошағы анықталған. Күн сайын індет жұқтырғандардың қатары артып келеді.
Индира Бегайдар, тілші
Ресейде тұмау жұқтырғандардың саны бір аптада 23 пайызға өскен. Роспотребнадзор мамандары шошқа тұмауы әсіресе Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында көп тіркелгенін айтады. Инфекциялық ауруханаларда ұзын-сонар кезек, 98 пайызға толған. Гамалея орталығының өкілдері шошқа тұмауы коронавирустың дельта штамына ұқсас өкпеге әсер ететінін ескертті. Бұл тұмауды жұқтырғандар да өкпенің асқыну қаупі жоғары.
Геннадий Онищенко, инфекционист:
Шошқа тұмауы өте қауіпті. Тіпті балалар да жиі жұқтырып жатыр. Елімізде қазір вирустың 100-ден астам штамы тіркелген. Ал азаматтар вакцинациядан бас тартуда. Сондықтан індет күн сайын күшейіп келеді. Өйткені вирус өзгеріске ұшырады.
Елде 72 миллионнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырған. Бұл барлық тұрғынның 50 пайызы. Дегенмен вирус дес бермей тұр. Өңірлерде карантиндік шектеулер қайтадан енгізілді. Мәселен, Бурятияда оқушылар қашықтан оқыса, Мәскеудегі кей мекемелерде маска тағу міндеттелді.
Индира Бегайдар