Ақтөбе облысында ірі кәсіпорындарға 2 млрд теңге айыппұл салынды
Ақтөбе облысында экологияға залал келтірген ірі кәсіпорындарға 2 миллиард теңге айыппұл салынды. Олардың дені – мұнай-газ өңдеумен айналысатын компаниялар.
Жыл басынан бері облыстық экология департаменті 100-ден астам тексеру жүргізген болатын. Өңірде, әсіресе, мұнай қалдықтары табиғатқа көп зиянын тигізіп келеді. Сондай-ақ ғарыштық бейнетүсірілімдер арқылы 253 жерге басқа да заңсыз қалдықтар төгілгені анықталды. Биыл тек алты айдың өзінде қоршаған ортаға 80 мың тонна зиянды зат шығарылған.
Талап Ұснадин, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
Оның ішінде ірі кәсіпкерлер, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» бар, тағы да «Восход Хром» мен «Восход Ориел» бар, бұл екі кәсіпкерге 800 миллиондай айыппұл салынды. Айыппұлдан бөлек жүзден астам ұйғарымдар берілді. Осы 11 айда.
Ж. Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28