Рудныйда жылу мәселесі шешілді
Қостанай облысының Рудный қаласында жарылған құбыр жөнделіп, жылу беру қалпына келтірілді. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, «Рудный жылу желілері» кәсіпорны апаттық бригадаларының күшімен құбырдың зақымдалған жеріне катушка орнатқан. Естеріңізге салай кетейік, кеше диаметрі 325 мм магистральдық су құбыры жарылған еді. Соның салдарынан 33 көпқабатты үй мен 13 жеке тұрғын үйге және мектепке жылу беру тоқтатылған. Қазіргі уақытта қаланың әлеуметтік объектілері мен тұрғын үйлеріне жылу штаттық режимде берілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53