Рудныйда құбыр желісінде апат болып, 33 көпқабатты тұрғын үй мен бір мектепке жылу беру тоқтатылған
Бүгін Рудныйда құбыр желісінде апат болып, 33 көпқабатты тұрғын үй мен бір мектепке жылу беру тоқтатылған. Апат Гагарин мен Шевченко көшелерінде болған. Тұрғындар электр жылытқышын қосып отырған. Оның үстіне бүгін Рудныйда ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан, бірінші және екінші ауысымдағы бастауыш сыныптар қашықтан оқуға көшірілді. Қазір құбыр желісіндегі ақауды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Арман Жүнісов, «Рудный жылу желілері» ЖШС директоры:
Қазіргі таңда апатқа ұшыраған 33 тұрғын үй церкуляцияда, яғни айналымда тұр. Біз ол үйлерді жылу желісінен, ыстық судан ажыратқан жоқпыз. Бір мектеп, бір балабақша және бір колледж, олардың бәрінде де сондай жағдай. Бізге бір жарым, екі сағат керек. Сол уақытта апатты толық жойып, қалыпты жағдайға жетеміз.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін ел бойынша 100 мыңнан аса түлек ағаш екті
29.04.2026, 13:15
Жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды
29.04.2026, 13:12
Семейде келіншектің денесінен 6 келіден асатын ісік алынды
29.04.2026, 13:09
Дәрігерлер өңешіне ине тұрып қалған сәбиді аман алып қалды
29.04.2026, 13:06
ОПЕК-ке соққы: БАӘ ұйымнан шығатынын мәлімдеді
29.04.2026, 13:03
Ақордада Чехия премьер-министрін қарсы алды
29.04.2026, 13:00
Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді
29.04.2026, 11:27
Ақтөбеде өзге этнос өкілі шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр
29.04.2026, 10:49