Қарағандылық 6 адамды ажалдан құтқарып қалды
Қарағанды облысының Ғабиден Мұстафин ауылы маңында Нұра өзенінің үстінен өтіп бара жатқан көлік мұз опырылып, суға батып кетті. Абырой болғанда көлік ішіндегі 6 адам аман қалды. Жолаушыларды Думан Кәкенов пен Оразалы Асылханов есімді азаматтар құтқарып қалды. Көлік ішінде Оразалымен қоса жүкті әйел мен балалар болған. Машина 2,5-3 метр тереңдіктегі мұздай суға бата бастаған кезде терезені сындырып, іштегілерді түгел сыртқа шығарған. Осы сәтте оқиға куәгері Думан Кәкеновте көмекке ұмтылған. Ересек адамдарды судан шығарып, кейін балалардың біріне жедел жәрдем жеткенге дейін жүрекке жасанды дем берген. Қазір 21 жастағы Оразалы суық өтіп, ауруханада ем алуда.
Думан Кәкенов, Мұстафин ауылының тұрғыны:
Көз алдымда көлік суға батып бара жатты. Жанұшыра көмекке ұмтылдым. Ересектерді судан шығарып алған кезде машинада екі бала қалып қойғанын айтты. Оларды жаңағы жігіт құтқарды. Жедел жәрдем келгенше балалардың біріне жасанды дем беру әдісін қолданып көмек көрсетуге тура келді. Шамасы су жұтып қойса керек. Барлық жағдай қас-қағым сәтте өтті ғой.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін ел бойынша 100 мыңнан аса түлек ағаш екті
29.04.2026, 13:15
Жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды
29.04.2026, 13:12
Семейде келіншектің денесінен 6 келіден асатын ісік алынды
29.04.2026, 13:09
Дәрігерлер өңешіне ине тұрып қалған сәбиді аман алып қалды
29.04.2026, 13:06
ОПЕК-ке соққы: БАӘ ұйымнан шығатынын мәлімдеді
29.04.2026, 13:03
Ақордада Чехия премьер-министрін қарсы алды
29.04.2026, 13:00
Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлденуі» фестивалі өтеді
29.04.2026, 11:27
Ақтөбеде өзге этнос өкілі шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүр
29.04.2026, 10:49