Астанада 100 сарбаз Әскери ант берді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің 100 сарбазы Әскери ант берді. Жас жауынгерлер еліміздің әр облысынан іріктелген. Салтанатты рәсім «Отан қорғаушылар» алаңында өтті. Жиынға мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері мен ата-аналар да қатысты. Шара барысында Президент оркестрі өнер көрсетіп, арнайы бөлімше жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстан көрініс ұсынды. Ал жауынгерлер өз кезегінде салтанатты маршпен жүріп өтті.
Александр Шуликин, 0112 Әскери бөлімі басқарма бастығының орынбасары:
Біздің ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне іріктеу өте жоғарғы деңгейде өткізіледі. Мысалы олардың бойлары 185 см-ден кем емес болу керек. Және де денсаулықтарына өте жоғары көңіл бөлінеді. Және физикалық тұрғыдан шыныққан денесі жақсы балаларды аламыз. Енді алдағы уақытта осы сарбаздарымыз қызметтеріне адал және қызмететрін абыроймен атқарады деген сенімдеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10