Таразда алғаш рет смартфон арқылы бақылай отырып, жүректі қайта синхрондау терапиясы жүзеге асырылды. Операция кезінде әлемдік деңгейдегі бірегей жаңа құрылғы жүрекке орнатылды.
Бүгінде жүректің ишшемиялық ауруы бірінші орында. Дерттің алдын алу үшін «Аритмология клиникасының» мамандары Сербиялық дәрігерлермен бірігіп, органның жұмысын реттеу үшін жаңа технологияны қолданды. Яғни CRT – D құрылғысы жүрек ритмін смартфонмен қашықтан бақылап, оның жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Дүйниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде жыл сайын 18 миллион адам жүрек ауруынан көз жұмады екен. Ал қазақстанда 60-тан асқан соң жүректің артериялық ауру түрлері пайда бола бастайды. Сондықтан мамандар бұл технологияның мүмкіндігі жоғары,- дейді.
Горан Милашинович, Белград медицина университетінің профессоры:
Біз «Аритмология» және «Кардиостимуляция» мектебімен бірігіп осы клиниканың дәрігерлерімен әріптестік байланыстамыз. Менің байқағаным Қазақстанда электрофизиология және аритмология саласы өте жоғары деңгейде дамып келеді. Бұл операция түрі Сербияның өзінде үш-төрт ай бұрын ғана жасалды. Мұндағы әріптестеріме де сәттілік тілеймін.