«Келешек мектептері» Түркістан облысында үш ауысым мәселесін шешуде
Түркістан облысында «Келешек мектептері» үш ауысымға өту қаупі бар мектептердің мәселесін шешуге ықпал етіп келеді. Демографиялық өсімі жоғары Сарыағаш ауданында ұлттық жоба аясында төрт мектеп салу көзделген. Биыл соның үшеуі пайдалануға берілді. Заманауи білім ошағының алғашқысы өткен жылы желтоқсан айында тапсырылды. 900 орынға арналған білім ордасы Дербісек ауылында бой көтерген. Бұрын көрші елді мекендегі мектепке қатынап оқыған балалар үшін бұл үлкен қуаныш болды. Ал Сарыағаштағы жаңа мектеп пен Жаскешу ауылындағы білім ордасы жаңа оқу жылында ашылды. Екі қабатты ғимараттар заманауи стандарттарға сай салынған. Ең бастысы соңғы үлгідегі оқу құралдармен жабдықталған. Балаларының сапалы білім алуына жол ашты.
Шұғыла Адырбай, оқушы:
Бұл мектеп өте жайлы. Мен алдыңғы мектепте бұндай көп мүмкіндіктер ала алмадым. Басқа қосымшаға қатысатын едім. Осы мектепте қосымшаларға қатысып, өз-өзімді жан-жақты дамытып, шыңдаймын.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06