Әлихан Смайылов Shell компаниясының өкілімен кездесті
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юновичпен кездесті.
Онда Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын игерудің өзекті мәселелері мен газ өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларды іске қосу жоспарлары талқыланды. Әлихан Смайылов Қазақстан мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыратынын атап өтті.
Ал Зои Юнович компанияның екіжақты әріптестік пен мұнай және газ өңдеу саласындағы жобаларды дамытуға әзір екенін жеткізді. Кездесу қорытындысында Премьер-Министр Үкіметтің мүдделер теңгерімін сақтай отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай дамыту қажет екенін айтты.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10