Қосымша құн салығының көлемін реттеу керек
Астанада мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлермен кездесіп, салық саласындағы мәселелерді талқылады. Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығы ұйымдастырған жиында салық әкімшілігін жүргізу және құзыретті органдардың тексерісі кезіндегі қиындықтар мен қосымша құн салығының көлемін реттеу, заң нормаларындағы қайшылықтар сияқты тақырыптар ортаға салынды.
Олардың айтуынша, бұл салықтар тұтынушылардың қалтасын қағады. Себебі кәсіпкерде өнімнің бағасын көтеру арқылы шығынның орнын толтырудан басқа жол жоқ. Қаржы министрінің орынбасары диалог барысында бизнес өкілдерінің көтерген мәселелері дайындалып жатқан жаңа салық кодексінде ескерілетінін айтты.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:
Бәріне бірдей нормалар қабылдау қиын. Сондықтан біз бұл саланың қандай өзгешеліктері бар, мысалы ауыл шаруашылығы ма екен, басқа да өндіру саласы болсын, сол салаларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсету керек, соны ескере отыра, біздің қандай потенциялымыз бар, шешім қабылданатын болады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елдорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22