Басты Жаңалықтар Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар

Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар

Соңғы бес жылда елде агроөнеркәсіп саласында өндіріс көлемі ұлғайып, өнімді қайта өңдеу бағыттары дамыды. Кәсіпорындарды жаңғырту, инвестиция тарту және жаңа технологияларды енгізу жұмыстары да қолға алынған. Бұл – ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін екі есеге арттыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған жұмыстың жемісі. Бүгін Өскеменде отандық тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселелері талқыланды. Жиынға Құрылтай депутаттары мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысып, өндіріс орындарын қолдау және саланың даму жоспарын қарастырды.

Назгүл Хатепова, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Соңғы кездері күнбағысты қайта өңдеу саласы жоғары көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Алғаш рет 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан күнбағыс майын экспорттауда әлемдік ондыққа кіріп 6-шы орынды иеленген. Бұған басты себептердің бірі – мемлекеттік қолдау шаралары. Бүгінде шикізатты қайта өңдеуге субсидия қарастырылған, инвестициялық субсидиялар қарастырылған.

Бөлісу