Президент сайлауы - жаңарудың жаңа белесі
Президент сайлауының қорытындысы - елде жүріп жатқан реформалардың халық тарапынан қолдау тапқандығының көрінісі. Еліміздің қоғам қайреткерлері осындай пікірде. Олардың айтуынша, Қазақстандағы өзгерістердің жұртшылық тарапынан қабылдануы - жоғары дауыс жинаған кандидаты арқылы белгілі болып отыр. Сол себепті де халық сайлауға белсенді қатысқан.
Ағұл Елубай, жазушы:
Бәріміз барып дауыс бердік. Осы арқылы біз Президентке сенім арттық, аманат арттық. Екінші жағынан, Президент халықтың сеніміне ие болды. Арқасын халыққа тіреді. Сөйтіп, енді реформаларды қарқынды жүргізуге мандат алды. Мінеки, бұл деген сөз - Қазақстан осы 7 жылдың ішінде дамудың даңғыл жолына түседі деген сөз.
Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
Қазақстан халқы бір кісідей дауыс берді. Бүкіл халық қатысты. Ол еліміздің азаматтарының жоғары ықыласын көрсетеді. Президентімізді сайлап алғаннан кейін не күтеміз? Президентіміз айтып жатыр, әділетті Қазақстан құрамын деп. Коррупцияны жоямын деді, елдің әл-ауқатын жақсартамын деді. Бізге одан артық не керегі бар? Міне, осының бәрін жасасақ, Қазақстан жайнаған, жақсы мемлекет болады.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01