Алматыда толассыз жауын салдарынан көшелерді су басты
Алматыда толассыз жауын салдарынан көше мен аулаларды су басты. Ал таулы аймақта 20 сантиметрге дейін қар түскен.
Фариза Мұсақызы, тілші:
Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, су басу жөнінде тұрғындардан шағым түспеген. Алайда Райымбек батыр көшесінен төмен орналасқан аудандарда арықтар толып, су асфальт үстіне жайылған. Қазір 100-ден астам жол қызметкері нөсер жауынның салдарымен күресіп жатыр. Арнайы құралдармен суды сорып алып, басқа жерге апарып төгуде. Алматы бойынша осы мақсатта 52 техника жұмылдырылған. Жалпы көлік қозғалысының қиындағаны рас. Қалада көп жерлерде кептеліс басталды. Такси бағасы шарықтаған. Ал Казгидромет алдағы күндері де қалада жаңбыр жаууы ықтимал екенін хабарлады. Күн бұлттанып, таулы аймақтарда қар аралас жауын жауады. Мамандар мұндай күндері көлік иелеріне машиналарын ағаштардың, электр желілерінің астына қоймауға кеңес береді. Сондай-ақ азаматтарды тауға шығудан бас тартуға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Бүгін Астанада LRT іске қосылды
16.05.2026, 14:10
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08