Ерлан Қарин: Үлкен электоралды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқталды деуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Үлкен электоралды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқталды деуге болады

22.11.2022

80 пайыздан аса дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді жеңісі – биліктің жүзеге асырып жатқан, сонымен бірге болашаққа жоспарлап отырған іс-әрекетін азаматтардың қолдайтынының жарқын көрінісі.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин осындай пікір білдірді. Ол маусымда өткен референдумда 77 пайыздан аса қазақстандықтың конституциялық реформаны мақұлдауы билікті қолдайтынын көрсетті,- дейді. Егер референдум қоғам ынтымағының жаңа деңгейге көтерілгенін дәлелдесе, Президент сайлауы азаматтардың бірігуіне мазмұнды сипат бергенін жеткізді. Ол үлкен электоралды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқталғанын, келесі кезең парламенттік және мәслихаттар сайлауында екенін еске салды.

Маусымда өткен референдумда 77% аса қазақстандықтың конституциялық реформаны қолдап дауыс беруі халықтың қазіргі билікті қолдайтынын көрсетті. 80% аса дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді жеңісі – биліктің жүзеге асырып жатқан, сонымен бірге болашаққа жоспарлап отырған іс-әрекетін азаматтардың қолдайтынының жарқын көрінісі. Сайлау қоғам мен биліктің ел дамуының келешегіне қатысты ортақ түсінігі бар екенін тағы дәлелдеді. Жалпы үлкен электоралды циклдің бірінші кезеңі сәтті аяқталды деуге болады. Келесі кезең – парламенттік және мәслихаттар сайлауы.


Хабарламаларға жазылу