Үш адамды құтқарған өрт сөндіруші жансақтау бөлімінде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш адамды құтқарған өрт сөндіруші жансақтау бөлімінде жатыр

17.11.2022

Күні кеше Үш адамды тілсіз жаудан құтқарған елордалық өрт сөндіруші де күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр. Еске салайын, апатты жағдай Астанадағы Момышұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Жалын 11-ші қабатта тұтанды. Өрт сөндіруші Асқар Забикулин жанып жатқан пәтерге терезе арқылы кіріп, 80 жастағы қарияны және 22 жастағы немересін аман алып шыққан. Сонымен бірге, өрт сөндіруші қою түтіннің арасында балконда қалған 10 жасар баланы да құтқарып үлгерген. Әйткенмен Асқар Забикулиннің өзін күйік шалып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ қызыл жалынды сөндіру кезінде тағы бір өрт сөндіруші күйік жарақатын алған.

Раушан Арманқызы, Астана қаласы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:
Кеше орын алған өрт оқиғасынан кейін төрт науқас нөмірі бірінші көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Оның екеуі өрт сөндіруші қызметкер. Өрт сөндірушілердің бірінің жағдайы өте ауыр. Жасанды өкпе желдеткіш аппараты, ИВЛ-ға қосылған. Екінші өрт сөндірушінің жағдайы орташа деңгейде дейді дәрігерлер.

Айта кетейік биыл соңғы 10 айда өрт сөндірушілер 862 адамды, оның ішінде 243 баланы тілсіз жаудан құтқарған. Ал қызметтік міндеттерін атқару кезінде 1 өрт сөндіруші қаза тауып, 13 адам зардап шеккен.


Хабарламаларға жазылу