Басты Жаңалықтар Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті

Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті

Астанада «Global Businesswomen Council» ұйымының IV отырысы өтті. Ауқымды басқосуға халықаралық қаржы ұйымдары, БҰҰ-ның өкілдері және инвесторлар қатысты. Мақсат - іскер  әйелдердің кәсіпкерлік мүмкіндігін кеңейту. Жиынға Премьер-министр орынбасары  Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева құттықтауын жолдады. Аида Ғалымқызы мәлім еткендей, бүгінде елімізде 1 миллионнан астам кәсіпкер әйел тіркелген. Олар шағын және орта бизнес субъектілерінің тең жартысына жуығына жетекшілік етеді. Қазіргі таңда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Бұл құжат мемлекеттік қолдау шараларын, оқыту бағдарламаларын, қаржыландыру тетіктерін және әйелдердің іскерлік мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Жанна Байдашева, Global Businesswomen Council ұйымының негізін қалаушы:

Бүгін біз G-Index институттың құрылғаны жөнінде жариялаймыз. G-Index Institute дегеніміз - өндірістің әлеуетін бағалау, өнім берушілерді дамыту және іске асырылып жатқан бастамалардың әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау үшін құрылуда. Бұл бастаманы халықаралық қаржы институттары, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және Даму банкі, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қолдайды. Сондықтан бұл институттың халықаралық деңгейде іскер әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту жолында маңызы зор.
Бөлісу