Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
Қоғамға елеулі қауіп төндірмейтіндер мен әкімшілік құқық бұзушылық жасағандар бостандыққа шығады. Сондай-ақ қылмысының дәрежесі, келтірілген залалдың өтелуі және жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы ескеріліп, кейбір сотталғандардың жаза мерзімі қысқарады. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Сонымен рақымшылыққа нақты кімдер ілігеді? Нұрсұлтан Тілектес біліп көрді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
16 мыңнан астам соталған азамат жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ 500 мың адамның айыппұлы кешіріледі. Бұл – жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жекелеген азаматтарға қатысты жасалған кең ауқымды ізгілік акциясы. Қоғамға айтарлықтай қауіп төндірмейтін қылмыс жасағандар аминистияға ілікпек. Яғни қоғамдық орында балағат сөз айтып, айналадағыларға тиісіп, тәртіп бұзып шалыс басқандарға жеңілдік жасалады. Алдын ала есеп бойынша шамамен 16 500 адамға рақымшылық жасалады. Оның 2 900-ге жуығы – әйелдер. Олардың қатарында жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар аналар да бар. Ардагерлер, кәмелет жасына жетпегендер, егде жастағылар һәм I-II топтағы мүгедектер де осы санатқа кіреді. Ал ауыр және қоғамға қауіпті қылмыстарға қатысы барлар науқаннан шет қалады. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар, қылмысты қайталап жасағандар рақымшылыққа ілінбейді. Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен жол ережесін өрескел бұзғандарға да бұл ізігілік актісі қолданыламайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы