Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
Пленарлық отырыста Қазақстанның сенімді серіктестеріне айналған ірі компаниялардың басшылары сөз сөйледі. Еліміздегі инвестициялық климаттың қолайлы әрі қауіпсіз екендігін алға тартқан кәсіпкерлер, келешекте де бірлесе жұмыс істеуге мүдделі.
Николя Пуаро, Үндістан және Орталық Азия өңірлік кластерінің президенті:
Біз 10 жылдан бері Қазақстанмен серіктес болып келе жатқанымызға мақтанышпен қараймыз. Бұл жолды біз «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясымен тығыз ынтымақтастықта бірге жүріп өттік. Қазақстанмен серіктестігіміз ұлттық экономикаға үздіксіз әрі қайта инвестиция салу арқылы қуатталып жатыр. Павлодар облысында құны 90 млн евро болатын сутегі қондырғысын салу жобасы жүзеге асырылу үстінде. Сондай-ақ Атырауда ауаны бөлуге арналған қондырғыларды дайындайтын жобаны іске асыратынымыз жайлы қуана айтқым келеді.
Сун Даюн, CNPC вице-президенті:
Суперкомпьютерді енгізу - болашақтың концепциясы ғана емес, бұл болашақтың талабы. Біз шетелдік инвесторлар кеңесінің өкілдері осы бағытта қолымыздан келгенді жасап, қолдау көрсетуге әзірміз. Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Біз Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға үлес қосуға әркез әзірміз.
Жером Бойе, Орталық және Батыс Азиядағы Alstom компаниясының басқарушы директоры:
Компаниямыз Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Бір бағдарламаны аяқтап, 50 миллион еуро көлеміндегі жаңа инвестициялық бағдарламаны бастадық. Ол Орта дәліздің маңызды бөлігі – төрт сервистік депоны дамытуға бағытталған. Алдағы уақытта біз сигнал беру жүйелеріне арналған зертханаға да инвестиция салып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы