Премьер-Министр инвесторлармен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Skoda Transportation» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дидье Пфлегермен келіссөз жүргізді. Тараптар республикада теміржол және қалалық қоғамдық көлік шығару, техникалық қызмет көрсету және жаңғырту жөніндегі жобаларды талқылады.
Премьер-Министр инвесторлар үшін түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылғанын ескере отырып, компанияның елімізде нақты жобаларды жүзеге асыратынына сенім білдірді. Осы орайда ол локализациясы жоғары және толық циклді өндіріс ашу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Ол Skoda Transportation компаниясымен өзара тиімді ықпалдастықты пысықтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18