Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды
Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды. Жер астына жасырылған өндірісті полицейлер анықтады.
Тәртіп сақшылары аудан орталығындағы жеке тұрғын үйді тексеру барысында диірмен, кен қалдықтары мен сынапты сұйықтық және 2 үлкен қазандық пен 10 тоннаға жуық құрамында алтын бар кен тапқан.
Сондай-ақ цехта 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған. Іздестіру шаралары нәтижесінде жасырын цехтың қожайыны ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
Бұл - Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз алтын өндіру бойынша тіркелген екінші қылмыстық оқиға.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04