Астанада ауыл әйелдерінің дәстүрлі форумы өтті
Астанада ауыл әйелдерінің дәстүрлі форумы өтті. Оған елдің түкпір-түкпірінен бизнеске бейім қыз-келіншектер жиналды. Шара аясында бірқатар кәсіпкерлер грант ұтып алды.
Асима Нұрбайқызы, тілші:
Міне, жаңа ғана осы жерде 20 әйел қайтарымсыз грант ұтып алды. Оларға 2 мыңнан 4 мың АҚШ долларына дейін қаржы берілді. Осылайша олар шағын бастамаларын кеңейтуге мүмкіндік алып отыр. Бұл әлеуметтік жоба. 10 жыл ішінде 60 мың қыз-келіншекке қолдау көрсетті. Оқытты, үйретті, көбіне қаржылай көмек берілді. Соның нәтижесінде елді мекендерде жұмыссыз жүрген көп әйел еңбекке тартылды. Кәсіптен нәсіп тауып, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етіп отыр. Жалпы қазір 4 млн қыз-келіншек ауылды жерлерде тұрады. Олардың жартысынан көбі әр салада еңбек етіп жүр. Ел экономикасының драйвері - агроөнеркәсіптік кешен. Осы салада кәсібін ашқан бұрымдылар көп. Сонымен қатар, Бүгінгі форумда жеңімпаздардың өнімдері қойылған мынадай шағын жәрмеңке қойылды. Соңғы жылдары бизнестегі әйелдердің белсендігі артқан. Сондықтан мұндай форумдар әлі де жалғасын таппақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03