Алматыда саяси науқанға дайындық барысы пысықталды
Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге барлық жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан жер-жерде оқыту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Алматыда да Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуын тексеріп, жергілікті комиссия мүшелерімен кездесті.
Семинар барысында сайлау заңына енгізілген заң тетіктері де таныстырылды. Сондай-ақ жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Айта кетейік, мегаполисте 1 млн 200 мыңға жуық адам дауыс бере алады. 600 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың 59-ы жабық мекемелерде орналасқан.
Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Біз бүгін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе алдағы сайлауға дайындық барысын пысықтап жатырмыз. Саяси науқанға келушілерге барынша жағдай жасалуы керек. Әсіресе қарт адамдардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне еш кедергі болмауы тиіс.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06