Мектептердегі орын тапшылығы толық шешіледі - министр
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астанада 80 мың орынды қамтитын 24 мектеп салынады. Бүгін елордадағы бірнеше мектепті аралаған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.
Министр қала шетіндегі мектептерге ескертусіз барды. Білім мекемелерінің жұмысы оң бағаланды. Асхат Аймағамбетов мектептерде бірдей сапа, бірдей мүмкіндік болуы керек екенін айтты. Жаңа мектептер бой көтерсе, бас қалада орын тапшылығы түбегейлі шешілетінін жеткізді.
«Жайлы мектеп» жобасы арқылы елде 2025 жылға дейін 800 мың оқушыға арналған мектептер салу жоспарланып отыр.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Мемлекет басшысының берген тапсырмасының шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Республика бойынша барлық облыстар өздерінің жер телімдерін белгілеп, айқындап, оған инженерлік инфрақұрылымның жеткілікті болу мәселесі, бұл жобаның ерекшелігі бұл тек қана мектептер, ғимараттар салу ғана емес, оған тратуар, автобус аялдамалары , инженерлік инфрақұрылымы қолжетімді бола ма барлық мәселелер кешенді қарастырылып жатыр.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?
15.12.2025, 16:46
Астанадағы «Келешек мектепте» алғашқы дзюдо зал ашылды
15.12.2025, 13:18
Д.Исабековтың кітабы түрікше жарық көрді
15.12.2025, 13:15
Қазақстан мен ЕуроОдақ ынтымақтастықтың 10 жылдығын қорытындылады
15.12.2025, 13:12
Иранда жанармай қымбаттады
15.12.2025, 13:09
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікпен айналысады
15.12.2025, 13:06
Қар, тұман, көктайғақ: ТЖД ескерту жасады
15.12.2025, 13:00
Жетісулық оқушылар ағылшын тілінде қойылымды сахналады
15.12.2025, 10:30