Сауда комитетінің төрағасы қызметінен босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда комитетінің төрағасы қызметінен босатылады

03.11.2022

Сауда комитетінің төрағасы қызметінен кетеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов бүгін оны лауазымынан босатуды бұйырды. Өйткені, азық-түлік бағасы шарықтап барады. Ал оған жауаптылардың жұмысы салғырт. Сондықтан бірқатар әкім орынбасарлары да тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Биыл жұмыртқа 7 пайызға, ал ұнның бағасы 4, күріш 3, сүт 2 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік инфляциясы 20 пайыздан асты. Бағаны тұрақтандыру үшін жем-шөп базасын және күнбағыс майын арзандату жоспарланып отыр. Бірақ, бірқатар өңірде бағаны қолдан өсіру фактілері тіркелген. Тауар өндірушілер мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Бірақ, субсидия алғандардардың өзі, бағаны 20 пайызға көтеріп жіберген. Премьер-Министр мұндай былықты тоқтатуды талап етті.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Биыл ауыл шаруашылығын субсидиялау екі есеге ұлғайтылды, бірақ оны алатындардың азық-түлік бағасын 20 %-ға көтергенін көріп отырмыз. Мұндай жағдайға көне алмаспыз. Егер біз субсидия берсек, онда олар қарсы міндеттемелер қабылдауы керек. Субсидиялау жүйесі нақты жұмыс істеуі тиіс.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу