Оралда «Қазақ осы» атты танымдық-қайырымдылық шара өтті
Оралда еріктілерден құралған «Рухтастар» тобы «Қазақ осы» атты танымдық-қайырымдылық шарасын өткізді. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттаған шараға арнаулы әлеуметтік мекеменің қариялары мен көпбалалы және қолдауға мұқтаж отбасылардың балалары шақырылды.
Әуелі ұл балаларға қой сою, бас үйітудің қыр-сыры, кейін атқа отыру мен қамшы өру үйретілді. Қыз балаларға ішек-қарын тазалап, қамыр илеп, бауырсақ пісіру, дастархан жайып, қонақ күтудің үлгісі көрсетілді. Көкпар, аударыспақтан көрініс қойылды. Киіз үйде көрме, тері илеп, қамшы жасау өнері, ат әбзелдері таныстырылып, жыр-терме төгіліп, өлең оқылды.
Каспий Жақатов, еңбек ардагері:
«Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді» дейді. Біздерге жасаған жақсылықтарыңыз алдарыңыздан қайтсын. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Балалар сол үлкендерге қарап өссе, үйренсе, олардың есінде мәңгі қалады. Келесі буын да өнерлі, салт-дәстүрімізді сақтайтын ұрпақ болып өссін!
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53