Бразилия солшылдардың қолына қайта өтті
Бразилия солшылдардың қолына қайта өтті. Жексенбі күні өткен сайлаудың екінші турында Луис Инасио Лула да Силва жеңіске жетті.
Осылайша 77 жастағы саясаткер үшінші рет президент атанып отыр. Ол Бразилияны 2003-2010 жылдары екі мерзім басқарды.
Соңғы мәліметке қарағанда Лула да Силваға электораттың 51 пайызға жуығы дауыс берген.
Ал оңшыл кандидат Жаир БолсоНаруды қолдағандар 49 пайыздан сәл ғана асты. Дегенмен БолсоНару ұтылғанын мойындамады және жеңімпазды құттықтамаған. Демек ол сотқа шағымданып, сайлау қорытындысын жоюды талап етіп, елді саяси дағдарысқа ұшыратуы мүмкін.
Лула да Силва 2010 жылға дейін миллиондаған адамды кедейшіліктен алып шыққан экономикалық өсім мен әлеуметтік қолдау саясатын қайта жалғастыруға уәде берді. Бұған қоса ол Амазон орманын отауды тоқтатып, климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі келіссөздерде Бразилияны жетекші орынға шығаратынын мәлімдеді. Бір кездері Лула да Силва коррупция үшін 580 күн түрмеде отырып, кейіннен ақталып, саясатқа қайта оралып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12