Сенат Төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 54-ші пленарлық отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 54-ші пленарлық отырысына қатысты

29.10.2022

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 54-ші пленарлық отырысына қатысты.

Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден келген әріптестерімен кездесу өткізді. Пленарлық отырыста Мәулен Әшімбаев Парламентаралық Ассамблея алаңында саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға және елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруға қатысты өзекті мәселелер қаралатынын атап өтті.Сенат Төрағасы саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету Қазақстан Парламенті Сенатының қазіргі кезеңдегі негізгі басымдығы екенін айтты. Және Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге де тоқталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты – адам құқықтарын қорғауды нығайту және билік тармақтары, орталық пен өңірлер арасында өкілеттіктер мен жауапкершіліктің теңгерімін қамтамасыз ету. Іске асырылып жатқан барлық реформа біздің елімізде азаматтарымыздың сұраныстары мен мүдделерін ескеретін жаңа саяси модель қалыптастыруды көздейді.


Хабарламаларға жазылу