«Тұран» тобы елордада тегін концерт береді
Бұл Түркі жұртының мәдениетін насихаттап жүрген «Тұран» тобы. Ертең өнерпаздар Елордада тегін концерт береді. Ұлттық аспаптардың үні асқақтайтын мәдени шара кешкі алтыда Есілдің сол жағалауындағы «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында басталады. Орын санына шектеу жоқ.
Ортадағы алаңға сыймағандар орындаушылардың өнерін жоғарғы қабаттардан да тамашалай алады. 15 жылға жуық Қазақстанда да, шетелде де ән-күйді насихаттап жүрген ұжым 70-тен астам елде 600-дей жеке концерт берген. Оркестрге татитын топ мүшелері жалпы саны 30-дан астам ұлттық музыкалық аспапта ойнай алады.
Түркі халықтарының арасында кең танылған ансамблдің өз тыңдарманы қалыптасып үлгерген. Қазір бірегей топтың ертеңгі концертіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Владимир Путин: Ресей Қазақстанмен одақтастық қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға қашанда дайын
27.05.2026, 11:08
«Өз жерінің елшісі»: Руханият форумы өтті
26.05.2026, 20:59
«Almaty Superski» тау курортын салу жобасы қолдау тапты
26.05.2026, 20:56
Вице-премьер «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа медиаорталығын аралады
26.05.2026, 20:54
Аида Балаева «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының заманауи медиакешенімен танысты
26.05.2026, 20:22
Тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі өзгереді
26.05.2026, 20:09
Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат сынақтан сәтті өтті
26.05.2026, 20:07
Биыл жатақхана мәселесі толық шешілмек
26.05.2026, 20:06