Астанада Нобель фестивалі өтіп жатыр
Астанада Нобель фестивалі өтіп жатыр. Осымен 5-ші рет ұйымдастырылған халықаралық шараның биылғы ерекшелегі, офлайн форматта болып, оған 14 Нобель лауреаты қатысты. Қонақтар қазіргі ғылым көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер туралы тұшымды ойларын ортаға салды. Қазіргі кезде тың жаңалық пен сапалы білімге тапшылық сезіп отырған мемлекеттер аз емес. Сондықтан фестиваль бұл қажеттілікті өтеп жатыр, дейді шараны ұйымдастырушылар. Жоба әлемнің түкпір-түкпіріне алты тілде тарап, оған 155 елден 500 мың адам қатысуға мүмкіндік алды. Ғалымдар мен зерттеушілер жасанды интеллект, цифрландыру, арзан жұмыс күшін пайдалану, жаһандық экономика төңірегінде де ой өрбітті.
Марк Узан, Нобель фестиваліне қатысушы:
Өтіп жатқан шара Қазақстан үшін өте маңызды. Себебі, мемлекетіңіз Орталық Азияда жетекші рөл атқарады. Қазіргі жаһандық ахуал көрсеткендей, Қазақстан алыс-жақан көрші елдермен сауда жасау үшін жаңа жолдар мен бағыттарды құруы керек. Жаңа платформа құрып, экономиканың жаңа дәуірінде бәсекеге қабілетті жаңа компанияларды ашуыңыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14