Сенатор Андрей Лукин Мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын сынға алды
Мемлекеттік аудит жұмысы заңбұзушылықтарды анықтаудан әрі аспай отыр. Тексерулері - тиімсіз әрі нәтижесіз. Сенатор Андрей Лукин Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, аудиторлар жылдан-жылға қайталанатын заң бұзушылықтарды ғана тіркейді. Мәселен, жоспарланған 82 шараның 34 пайыздан астамы жылдық тізімге негізсіз енгізілген. Салдарынан бірқатар тексерудің нәтижесі төмен. Сонымен қатар сенатор, камералық бақылау жүргізу мәселесін де көтерді. Аумақтық департаменттер бақылаудың бұл түрін жүргізбеген. Осыған байланысты депутат аудиторлардың жұмысын жақсарту үшін бірқатар ұсыныс айтып, депутаттық сауал жолдады.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мемлекеттік аудит объектілерін іріктеу тәртібін қайта қарау қажет. Сонымен қатар, талаптарды қатаң сақтауды, камералық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ережелерін біркелкі қолданудың әдіснамалық негізін әзірлеуді ұсынамын.
Әсима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12