Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай тұңғыш рет киноконцерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай тұңғыш рет киноконцерт өтті

25.12.2014
Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай тұңғыш рет киноконцерт өтті

Мерейтой кешінде белгілі режиссердің сан түрлі фильмдері мен соңғы жылдары жарық көрген кинотуындыларының эпизодтық көріністері сахналанды.

Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада кино әлемінің майталмандары өнер көрсетті.

Айта кетейік, биыл Шәкен Кенжетайұлының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ұйымының естелік күндер күнтізбесіне енгізіліп, халықаралық мерекеге айналды.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу