Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған шаралар желтоқсанда қорытындыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған шаралар желтоқсанда қорытындыланады

19.11.2014
Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған шаралар желтоқсанда қорытындыланады

Жыл бойы әр өңірде аталып өткен өнер коррифейінің мерейтойлық мерекесі 8-желтоқсанда М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында мәресіне жетпек.

Театр ұжымы  Шәкен Аймановтың  өзі түсірген «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар Көсе» секілді фильмдердегі әндерді жас әртістердің  орындауында ұсынбақ.

Кеш соңынан Ш.Аймановтың рухына бағышталып Құран оқылып, ас беріледі, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу