Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталды

21.10.2022

Президенттікке кандидаттарды тіркеу бүгін кешкі сағат 18:00 аяқталды. Дәл осы уақыттан бастап үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын бастауға рұқсат берілді. Орталық сайлау комиссиясы алты кандидатты ресми түрде бекітті. Қалған үміткерлер талапқа сай келмеді. Үміткер ретінде ұсынылған 12 кандидаттың алтауы Президент сайлауына қатысады. Оның төртеуі ер адам болса, екеуі әйел азамат. Олар Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев және Салтанат Тұрсынбекова. Орталық сайлау комиссиясы Бақыт Жанабаев, Жұматай Әлиев және Нұржан Әлтаевтың кандидатурасын тіркеген жоқ. Басты себеп, кандидаттар жақтастар дауысының бір пайызын жинай алмаған. Үгіт насихат шаралары 19 қараша түнгі сағат 00-ге дейін жалғасады. Президент сайлауына қатысатын әр кандидатқа үгіт-насихат жүргізуі үшін шамамен 10 млн теңге бөлінген. Еліміз үшін маңызды саяси науқан 20 қараша күні өтеді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу