Премьер-Министр Түркістан облысының инвесторларымен кездесті
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов инвесторлармен және өңірдің туристік сала өкілдерімен кездесті. Үкімет басшысына облыстағы жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды. Кездесу барысында инвесторлар жұмыс барысында туындаған қиындықтар туралы айтты. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға мәселені мұқият қарап, заң шеңберінде көмектесуді тапсырды. Сонымен қатар Премьер-Министрге өңірдегі туризм саласының даму қарқыны туралы баяндалды. Үкімет басшысы туристермен жұмыс істеу үшін білікті кадрлар даярлауға назар аудару керегін атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06