Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

19.10.2022

Мемлекет басшысы Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Президент аймақ жұртшылығымен кездесуін бастады. Қасым-Жомарт Тоқаев Облыс орталығын экологиясы таза, өмір сүруге қолайлы «ақылды» қала ретінде дамыту қажеттігін айтты. Жаңа аймақ орталығына жаңа бас жоспар керек.

Бұл ретте қаланың жаңа мәртебесін ескеру маңызды. Қазір облыста 396 денсаулық сақтау мекемесі бар. Ұлттық жоба аясында үш жылдың ішінде 38 емдеу орны салынады. «Жайлы мектеп» жобасымен облыста 39 мектеп бой көтереді. Президент Қонаевта дарынды балаларға арналған лицей және интернат ашу қажеттігін де айтты. «Аймақтың көлік-логистика әлеуетін арттыру – басты басымдықтың бірі. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, өңірдің көлік желісін жақсарту үшін кешенді шаралар әзірлеуге тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу