Қарағанды облысында Республика күнін 100-ге жуық отбасы жаңа баспанада қарсы алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында Республика күнін 100-ге жуық отбасы жаңа баспанада қарсы алмақ

17.10.2022

Қарағанды облысында Республика күнін 100-ге жуық отбасы жаңа баспанада қарсы алмақ. Бұдан бөлек, Ұлттық мерекеге орай өңірде 200-ден астам іс-шара өткізіледі. Танымдық-тағылымдық сипатқа ие «Дос-Мұқасан» қойылымы мен Оралхан Бөкейдің «Қауіпті будан» премьерасы көрермен қауымға ұсынылды. «Табиғатты аялайық!» акциясы Қарқаралы ұлттық мемлекеттік саябағынан бастау алып, барлық қала, аудандарда жалғасын табуда. Ұлттық мерекенің басты кеші 22 қазанда салтанатты түрде ашылып, «Арманға жол» марафоны өткізілмек. Республика күніне орай аймақта хоккей корты, коворкинг орталығы секілді бірнеше нысан ашылады. Одан бөлек, қайырымдылық шаралары мен дебаттар, зияткерлік сайыстар мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Нұрлан Бикенов, Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

Челлендждер, сосын мына жақын адамыңа көмектес деген акциялар басталып жүріп жатыр. Сонымен қатар, басты мереке 22 қазан күні салтанатты жиындар өтеді. Үлкен концерттік көріністер, мына кітапханаларда көріністер. Бүкіл шаралар осы күнге арналған.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу