«Ақ жол» партиясы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
«Ақ жол» демократиялық партиясы да Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Партияның кезектен тыс 19-шы съезінде Президент сайлауына қатысуға жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов ниет білдірген. Сонымен бірге, партия мүшелері қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да кандидатурасын ұсынды. Жасырын дауыс беру кезінде Сандуғаш Дүйсенованы 11, Серік Ерубаевты 23, ал Асқар Садықовты 17 адам қолдады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына 74 адам, яғни қатысушылардың 64,1 пайызы дауыс берген.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Әлеуметтік және экономикалық проблемаға келсек, соңғы кезде Президент Тоқаевтың қабылдаған шешімдері, түрлі пікір болса да, бірақ олардың көбісі нарықтық экономикаға арналған. Мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуға арналған. Жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Яғни бұл ұсыныстар негізінде «Ақ жол» партиясының көзқарасымен бірдей болмаса да, өте жақын.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29