Аналар кеңесі: Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт
Қоғамды алаңдатқан мәселелерді шешудің озық тәжірибесін енгізу маңызды. Әрі мемлекет болашағы өскелең ұрпақтың тұла бойына сіңірген тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Бұл туралы Алматыда бас қосқан Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды. Басқосуға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, өңірлік Аналар кеңестері мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Басқосуда отбасылық-демографиялық саясат саласындағы тың жобаларды іске асыру барысы талқыланды. 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңесінің негізгі міндеті - Ананың рухани және тәрбиелік рөлі арқылы қоғамдық келісімді нығайту, отбасы құндылықтарын сақтау.
Нәзипа Шанаи, ҚХА Республикалық аналар кеңесінің төрайымы:
Ұлттың тәрбиесі - ананың мойнында. Олай болса, біз ұлтты мәдениетті ету үшін біз ананы мәдениетті етуіміз керек. ҚР бойынша 13 мыңнан астам ана Аналар кеңесі құрамында жұмыс істейді. Белсенді аналар қоғамдық деңгейде істейді. Біздің құрылымдарымыз ауылдарға дейін жеткен.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Білім бе, бизнес пе? Репетиторлық орталықтарды кім бақылайды?
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54