Басты Жаңалықтар Маңғыстау жұрты «Ұлы дала жорығы» бәйгесінің жеңімпаздарын қарсы алды

Маңғыстау жұрты «Ұлы дала жорығы» бәйгесінің жеңімпаздарын қарсы алды

Тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыста маңғыстаулық «Көкмойнақ» командасы бірінші орынды иеленді. 12 күнге созылған республикалық марафон-бәйгеге барлық аймақтан 19 команда қатысты. Олар Елордадан Түркістанға дейінгі 1200 шақырымды бағындыруы керек болған. Жазық даланы, бетпақтың шөлін, өзен-көл мен табиғи кедергілерге шыдамай көбі жарыстан шығып қалды. Бірақ, «Көкмойнақ» командасы бар қиындықты жеңіп мәреге алғашқы болып жетті. Нәтижесінде 24 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені алды. «Ұлы Дала Жорығы» – әлемдік тәжірибеде теңдесі жоқ республикалық ат спорты марафоны. Қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, еліміздің тарихын зерделеп, жаңа туристік маршруттар қалыптастыратын тың жоба.

Үсенбай Қалдаманов, «Көкмойнақ» командасының жетекшісі:

Қазақ жігіттерінің тектілігін, тұлпарлардың мықтылығын әлемге таныту. Осы бағытта біз Маңғыстаудың жігіттері, азаматтар барғаны Адай тұқымдас жылқымызбен бардық. Жалпы республика бойынша, 190 сәйгүлік жарыс алаңына түсті. Бұл жарыстың қиындығы - 190 сәйгүліктен 13 сәйгүлік мәреден өте білді.

Аягөз Оралбайқызы

Бөлісу