Басты Жаңалықтар Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті

Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті

Петропавлда  қаз шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық этномәдени фестиваль өтті. Фестиваль  аясында ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылды. Аспаздар қазылар алқасының назарына  қаз етінен дайындалған дәстүрлі және заманауи тағам түрлерін ұсынды. Сонымен қатар, құс шаруашылығына арналған көрме өтті. Қаз өсірумен айналысатын шаруашылықтар өз өнімдерін көпшілікке таныстыды.  Сала мамандары мен кәсіпкерлердің басын қосқан фестиваль тәжірибе алмасу алаңына айналды. Алқалы жиынға Франция, Ресей, Чехия Республикасынан келген меймандар қатысты. Былтыр көктемде «Ауыл» партиясы тұрғындарға  қаздың балапандарын тегін таратқан болатын. Құс иелері күзде өтеуі ретінде қаздың мамығын тапсырды. Мамадар жоба сәтті жүзеге асқанын атап өтті. Биыл 300 мың бас қаз тарату жоспарланып отыр.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

Петропавл қаласында екінші халықаралық этномәдени фестиваль өтіп жатыр. Өткен жылы фестивальда 600 адам бізде форумда болды, 30 мың халық осы фестивальда болды. Келесі Түркістан облысы, Шымкентте ол балық шаруашылығы, мамыр айында бізде қой шаруашылығы болады. Батыс Қазақстанда, сосын Ақтөбеде енді жылқы шаруашылығы.
Бөлісу