Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
Наурызнама онкүндігі Астанада кең көлемде тойланып жатыр. Бүгін Нұра ауданында ұлттық ойындар дәріптеліп, салт-дәстүр ұлықталды.
Астанада Наурызнама декадасы аясында «Ынтымақ» күні тойланды. «Астана Арена» аумағына жиналған жұртшылық достық пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, мейрамның мәнін аша түсті. Наурыз көже, бауырсақтан дәм татып, алтыбақан теуіп, салт-дәстүрді дәріптеді. Іс-шарада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдары да белсенді қолданылып жатыр.
Әсем Қалиева, қала тұрғыны:
Ауа райы Астанада қандай керемет. Адамдардың көңіл-күйі барлығы әсер етіп жатыр. Бәрі күшті. Әртүрлі экспозициялапдың өзі ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мира Қалқаманова, қала тұрғыны:
Бірінші рет Астанада Наурыз қарсы алып жатырмын. Ұнап жатыр бәрі. Халықтың де көңіл-күйі керемет.
Наурыз мерекесіне орай Нұра ауданында жалпы саны 200 мерекелік іс-шара өтеді.
Әлия Абсеметова, Нұра ауданы әкімінің орынбасары:
Бүгін ерекше наурыз – диджитал наурыз. Бүгін алты тематикалық киіз үй тігілді. Интерактивті көріп тұрсыздар, қандай керемет өлеңдер айтылып жатыр. Жәрмеңке де бар. Қолөнер шеберлері, спортшылар бар, мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Ертең Шыңғыс Айтматов – Сығанақ көшелерінің бойында да мерекелік жиын өтеді. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, тұрғындардың назарына концерттік бағадарламалар ұсынылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы