Басты Жаңалықтар Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты

Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты

Наурыз – тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде жүрген отандастарымызды біріктіретін ерекше мейрам. Биыл да шетелдегі қазақтар Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде атап өтіп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптеді. Әлемнің әр елінде өткен мерекелік шаралар жайлы Темірлан Нұржанұлыны тарқатады.Сан-Францисконың төрі – Сити-Холл. Наурыз мейрамын тойлауға 500 жуық адам жиналды. Олардың арасында Түркия, Әзербайжан, Иран және Өзбекстан келгендер де бар. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі әуен мен мың бұралған билерді тамашалады. 

Ажар Асқарбекова, «Admyra» стартабының негізін қалаушы:

Бірнеше жыл бұрын Қазақстан дегенде ешкім ештеңе білмейтін. Осындай салалар конференциялардың арқасында біздің көбірек біледі, инвестициялар жақсырақ береді.

Ал бас консул Сан-Францисконың мэрі Дэниел Лурьеге құрметтің белгісі ретінде шапан жауып, қазақы дәстүрдің көрінісін паш етті.

Наурыз Мажарстан астанасы Будапештте те кең көлемде аталып өтті. Оған 200-дей адам қатысты. Мәдени бағдарламаға сай қонақтар ұлттық ойындар ойнап, концерттік қойылымдарды тамашалады.

Ал Бакуде Наурыз мейрамына орай Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырды. Шараға қала тұрғындарынан бөлек, шетелдік дипломаттар, сарапшылар, мәдениет қайраткерлері қатысты. Қонақтар үшін фотоаймақтар жасалып, қазақтың киіз үйі тігілді. Сондай-ақ, балаларға арналған шеберлік сабақтары – ұлттық ою-өрнек салу мен әшекей жасау шаралары өтті.Осылайша, шара шетелдегі қазақтардың басын қосып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Бөлісу