М.Әшімбаев: Біз экономиканы белсенді түрде несиелеу бойынша мақсатты қадамдар жасауымыз қажет
Кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту мен ұлттық табысты әділ бөлу - жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттары. Cенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысында Мәулен Әшімбаев осылай деді. Сенат Төрағасы стратегиялық құжатта мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жаңа моделін енгізу арқылы кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға назар аударылғанын айтты. Отырыста Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа идеялар жолында, мемлекет пен сарапшылар қауымдастығының бірлесіп жұмыс істеуі маңызды қадам деді. Жас сарапшылар клубының мүшелері жаңа салық саясаты мен қазіргі геосаяси ахуал кезінде, отандық бизнесті өркендетуге қатысты ой-пікірлерін бөлісті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:Кәсіпкерлерге бизнесін жүргізуге мүмкіндік беретін нақты ережелер қажет. Бұл – әділ, ашық, демократиялық Қазақстанның жаңа үлгісін қалыптастырудың алғашқы қадамы. Екінші міндет – Ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік секторды және өзге де тетіктерді реформалау арқылы мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту. Тағы бір басымдық, біз экономиканы белсенді түрде несиелеу бойынша мақсатты қадамдар жасауымыз қажет.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06