Түркияның Изник қаласында төртінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды. Ашылу салтанатында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қатысушыларды пандемия кесірінен тоқтап қалған сайыстың қайта жандануымен құттықтады. Ал қазақстандық спортшыларға сәттілік тілеу үшін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов арнайы келді. Жарысқа біздің елден 50 спортшы барды. Көкпар, қазақ күресі мен садақ атудан сайысқа түседі. Екі жылда бір рет өтетін бәсекеге 100-ден аса елден 3 жарым мың спортшы қатысып жатыр. 2014 жылдан бері көшпенділер ойыны Қырғыз елінде өтіп келген. Биыл тұңғыш рет Түркияда ұйымдастырылды. Сайыс 4 күнге созылады.
Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет және Спорт Министрінің орынбасары:
Әрине бұл ойындар ұлттық спорт түрлерін дамытуға арналған. Өзіміз де ең басынан бастап көршілес Қырғыз елімен бірлесіп 3 рет ойынға қатысып жеңімпаз орындарға ие болғанбыз. Әрине ол өте қызығушылық білдіреді, ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлесін қосады деп айтуға болады. Келесі ойындарды 2024 жылы Қазақстанда алуға тырысып жатырмыз, қазір келіссөздер өтіп жатыр. Енді аламыз деп сенімдеміз.
Хакан Казанжы, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті:
Осы ерекше шараны өткізуге бірнеше ай дайындалдық. Біз шынын айтқанда халық мұншалықты қызығушылық танытады деп ойламадық. Өздеріңіз көргендей халықтың ықыласы ерекше. Енді келесі жылы Қазақстанда өтеді, одан кейін бүкіл әлемде олимпиада ойындары сияқты танымал спорт сайысы болады деп сенеміз.
Айдос Әшім