Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумы өтіп жатыр

30.09.2022

Екі жылға созылған пандемия, Еуропада орын алып жатқан жағдай дүниежүзіндегі көміртекті бейтарап болашаққа энергетикалық ауысу процесін біршама тежеді.

Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII жастар форумына қатысқан сарапшылар осылай дейді. Олардың сөзінше, кеңес құрамына кіретін 59 мемлекеттің басым бөлігі әлі жаңартылған энергия көздеріне толықтай көшуге дайын емес. Бір ғана Қазақстанды алып қарайтын болсақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда энергияны 3 есе көп пайдаланады. Бұл тұста энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Ал, іске қосылып жатқан жаңа қуат көздері оған сай емес. Сондықтан жақын болашақта көміртекті энергия көздері өзінің өзектілігін жоймайды. Көмір станцияларын газға ауыстыру және аталған салаға қатысты басқа өзекті түйткілдерді әлемнің 29 елінен келген 700-ге жуық делегация мүшелері кеңінен талқылады.

Педро Мирас, Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті:

Біз бүгін дүниежүзіндегі көміртекті бейтарап болашаққа энергетикалық ауысу процесін талқылап жатырмыз. Бұл орайда тың идеялар мен батыл шешімдер қабылдауымыз қажет. Тиісінше форумға білікті мамандар мен сарапшылар және жас кадрлар қатысып отыр. Олапрдың әрқайсысының пікірі ескеріледі. Жиын бірнеше күнге созылады. Сондықтан қазір нақты бір байламға келдік деп айта аллмаймын.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу