Түркияда Дүниежүзілік Түркі форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Дүниежүзілік Түркі форумы өтіп жатыр

25.04.2015
Түркияда Дүниежүзілік Түркі форумы өтіп жатыр

Түркі дүниесінің ақпарат саласындағы байланысын мықтап қолға алып, жеткілікті дәрежеде дамыту керек. Бұл туралы Стамбулда өткен Дүниежүзілік Түркі форумында айтылды. Әлемнің түкпір-түкіпірінен келген бауырлас халық өкілдері қазіргі қоғамның өзге де түйткілді мәселелерін талқылады.

Дүниежүзілік түркі форумы осымен 4-ші рет өткізіліп отыр. Әлемнің 30-ға жуық елінен келген 500-ден аса делегат екі күн бойы түркі дүниесінің қоғамдық дипломатиясы, медиасы және ақпарат саласын жан-жақты қарастырады.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу