Елбасы G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының басшысы – Серік Нөгербековті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының басшысы – Серік Нөгербековті қабылдады

05.03.2015
Елбасы G-GLOBAL Халықаралық хатшылығының басшысы – Серік Нөгербековті қабылдады

Кездесу барысында С.Нөгербеков G-GLOBAL халықаралық жобасын ілгерілету жұмысының барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL коммуникативтік алаңын ілгерілету қағидаттарын қайта қарау қажеттігіне назар аударды. Көтерілген мәселелердің Астана экономикалық форумында талқыланатын тақырыптарға сәйкестігін қарастыра отырып, оны нақты мамандандыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

С.Нөгербеков интернет кеңістікте жүзеге асырылып жатқан G-GLOBAL жобасы еліміздің негізгі жобаларын ілгерілетуге септігін тигізіп отырғанын айтты. Атап айтқанда, былтыр VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференцияны жариялап-көрсету жұмыстары аясында 400 онлайн-бейнеконференция өткізіліп, 15 мыңнан астам баяндама орналастырылған.

Мемлекет басшысы Серік Нөгербековке бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу